Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылды

Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып, құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 жылғы тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. 

Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп, шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып, алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, қазір баланың денсаулығы жақсы. Ол дәрігерлер тексеруінен өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы