6 Тамыз 2022 2022, 02:30
Атырауда жиһаз тиелген жүк көлігі жанып кетті
Оқыс оқиға бүгін сағат 05:45 шамасында Северная промзона мекен-жайында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға бүгін сағат 05:45 шамасында Северная промзона мекен-жайында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автотұрақта жиһаз тиелген жүк көлігің тіркемесі отқа оранған.
Өрт сағат 06.04-те оқшауланып, сағат 06.34 шамасында түгелдей сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге 13-МӨСБ-нің (Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі) 8 қызметкері, 2 бірлік техникасы жұмылдырылды, — делінген хабарламада.