Атырауда жазасын өтеп шыққандар үшін жұмыс жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Атырау облысында қылмыстық жазасын өтегендерді еңбекке тарту мақсатында 10 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шара барысында қатысушыларға "Еңбек" бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне - 2 адам, қайта даярлау курстарына - 57 адам жолданылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы – қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда құран жарысы өтті
Өзгелердің жаңалығы