Атырауда Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төнді

Атырау облысы Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Жайық өзенінің су деңгейі көтерілуіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты судың деңгейі қатты көтерілуде. Осыған байланысьты елді мекенге қауіп төнуде. Су тасқынының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері және жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен қосымша қап қаптау және бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 80 адам жұмылдырылды, - деп атап өтті Қызылорда облысы ТЖД ТЖЖБ басқармасының бастығы Жандос Досымов.

Сондай-ақ тасқыннан қорғану мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы уақытша жырылды.

Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды.

Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келуде. Су деңгейін азайту мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыл аралық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді, - деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғап жатырған жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырым. Махамбет, Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы