Атырауда "Жастар күні" он күн қатарынан тойланды

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай Атырауда 20-ға жуық іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жастардың қоғамдық және волонтерлік бастамаларға қатысу, мемлекет қолдауымен іске асып жатқан шаралардан хабардар болу, ғылым мен білімге қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылды.

Онкүндіктің нүктесін Сұлтан Бейбарыс алаңында 10 мыңға жуық көрерменді жинаған «Atyrau Jastar Fest» фестивалімен қойды. Оған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, әкімдік еңбекқор жастарға, олардың идеясы мен ұсынысына әрқашан қолдау көрсететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалынды жастар еліміздегі оң өзгерісті қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек екенін атап өтті. Жастар күні жыл сайын ерекше ұйымдастырылып, кең көлемде тойланып келеді. Жергілікті атқарушы орган мұндай шараларды әрқашан қолдайды. Нәтижесінде креативті әрі отансүйгіш жастардың қатары одан сайын арта береді деп сенемін,-деді Нұржан Ермұханов.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына Jeltoksan, Adil, Dosekesh сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Онкүндік 20 мың жасты қамтыды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы