Атырауда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-29 қаңтар күндері қала аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында ІІО-ның есептерінде тұрған балалар, мектеп оқушылары мен оқу орындары жастары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды, сондай-ақ айналымына тыйым салынған басқа да заттарды алып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Шара барысында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жан-жақты жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы