Атырауда жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Атырауда 1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғынынан Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.
Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды. Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде, делінген полиция хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар тазалауға 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды
Келесі жаңалық
Елордада міндетті медициналық сақтандыруды дамыту талқыланды
Өзгелердің жаңалығы