Атырауда жас полицейлер слеті өтті

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Полиция департаменті қызметкерлерінің облыстық форумы өтті. Бұл форум ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жиынға жас полицейлер, олардың тәлімгерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Шара барысында осы саладағы маңызды тақырыптар талқыланды. Полицейлердің этикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер, сонымен қатар тәлімгерлік мектебінің пайдасы да сөз болды.


«Биыл Жастар жылы. Бұл форум дәл осыған сай өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері халық арасында жүреді. Сондықтан адал, ел қамын ойлайтын мамандар тәрбиелеп шығару қажетпіз. Осыған орай өтіп жатқан шараның маңыздылығы зор», - дейді ішкі істер органының ардагері Мәлік Әбілхаиров.


Форумда полиция қызметкерлерінің ата-аналары мен 24-ке жуық жас және өршіл тәртіп сақшыларының ата-аналары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Мен ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Осындай жас мамандар слетін полиция департаменті жыл сайын өткізіп тұрады. Біздің күнделікті тәжірибемізде полиция департаменті басшылығынан және өзімізге бекітілген тәлімгерлерден күнделікті жұмыс кезінде заңнамалықтарды толыққанды түсіндіріп отырады», - дейді учаскелік полиция инспекторы Айдын Лұқпанов.

Шара соңында полиция департаментінің мұражайына және облыстық өлкетану мұражайына экскурсия жасалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы