Атырауда жанып жатқан дала өрті сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында қамыс пен құрғақ шөптің жануы жойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатқан еді, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі болмады.

Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты.

Сонымен қатар жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілді.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы