Атырауда жаңадан 120 аялдама орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала көшелерінде отандық аялдама павильондары орнатылады, деп жазды  «Мой город» сайты.

Атырау әкімі Қайрат Оразбаев аймақтық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында биыл Қазақстанда өндірілген 120 жаңа аялдама сатып алынатынын мәлім етті.

Олар ескі аялдама павильондары тұрған орынға немесе мүлде аялдамасы жоқ жерге орнатылады, – деп атап өтті ол.
Қайрат Оразбаевтың айтуынша, биылға дейін қалада 74 ашық және 24 жабық аялдама жаңартылған. 47-сі сенімгерлік басқаруға берілген.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы