Атырауда әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған акция басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полициясы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады  Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жыл сайын 25 қарашада халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты Атырауда "Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн" атты акция жарияланды. Осы жылы ол 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.  
Мұндағы негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру. Акция аясында студент жастар арасында, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда ақпараттық-насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған. Акцияға қатысатын Атыраудың  дағдарыс орталықтарының сенім телефондары арқылы кеңестік-құқықтық және психологиялық көмек алуға болады, - дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысын ұйымдастыру тобының ЕТЖ аға инспекторы Бибігүл Төлегенова. 
Айта кетейік, 2019 жылдың он айында отбасындағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша  900-ден астам әйелге қатысты құқық бұзушылық анықталған. 

Атырау қаласының дағдарыс орталығының  телефон нөмірі: 8 (7122) 46-60-60.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы