Атыраудағы жарылыс: 34 жастағы жүргізуші көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жарылыс кезінде зардап шеккен жүргізуші көз жұмды. 34 жастағы ер адамның төрт баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды. 

"Ақ Жайық" сайты хабарлағандай, оның денесінің 90%-ын күйік шалған.

"34 жасар ер адамның төрт баласы және аяғы ауыр келіншегі қалған. Отбасы қалада үй жалдап тұрған" дейді әріптестері.

Естеріңізге сала кетейік,  5 маусым күні таңертең Атырауда "ПромГаз" ЖШС аумағында газ-ауа қоспасын төгу кезінде газ шығып, соңы жарылысқа ұласқан. Төрт адам, оның ішінде ТЖД-нің екі қызметкері өрт сөндіру кезінде зардап шеккен болатын.

Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықта тұрған ғимарат қираған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы