Атыраудағы науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы қосымша ақпарат таратты.
Ауру жұқтырғандардың 4-уі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырған 36 адам анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Әзірет Сұлтан" мешіті 80 отбасыға азық-түлік таратты
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы