Атыраудағы науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам да  Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып,  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды, – делінген хабарламада.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы