Атырауда үш адам газдан уланып, көз жұмды
Атырау қаласына жақын орналасқан Томарлы ауылында қайғылы оқиға болды. 28 желтоқсан күні түскі уақытта жеке тұрғын үйде үш адам газдан уланып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau OIL Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар – 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам.
Алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы жағдай газбен жұмыс істейтін жылыту пешіндегі тарту күшінің болмауынан туындаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды
Келесі жаңалық
Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты
Өзгелердің жаңалығы