Атырауда Ұлттық ұланның 127 сарбазы ант берді

Атырауда Ұлттық ұланның №5546 әскери бөлімінде 127 сарбаз Отанға адал болуға ант берді. Сарбаздар еліміздің әр өңірінен шақырылған.

Салтанатты іс-шарада алдымен еліміздің Әнұраны ойналып, мемлекеттік Ту көтерілді. Әскери бөлімнің командирі, подполковник Ерлан Ипатов сарбаздарға Отанды қорғаудың маңызы туралы әңгімеледі.

Әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лұқпан Утековтің айтуынша, бұл әскери бөлім 1991 жылғы 25 ақпанда құрылған. Содан бері мұнда жастардың бірнеше буыны әскери борышын өтеген.

Ант беру — әскер қатарына шақырылған сарбаздар үшін ең маңызды күн. Өйткені бәріміз Отанды қорғауымыз қажет. Ал әскери бөлім — жас жігіттерді төзімділікке, қиындықты еңсеруге шыңдайтын мектеп. Сол себептен сарбаздарға жүктелетін жауапкершілік зор. Ұлттық ұланның қатарына шақырылған сарбаздар Отанымыз бен жерімызді қорғауға ант берді. Жас ұландарымыз антына адал болып, әскери борышын абыройлы атқаратынына сенемін, - дейді Лұқпан Утеков.

Әскери бөлімнің командирі, подполковник Ерлан Ипатовтың айтуына қарағанда, сарбаздар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан шақырылған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы