Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адам күйіп қалды

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды. Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды. Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы