Атырауда түнде жүрген 23 жасөспірім ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда түнде қыдырған 23 жасөспірім ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-25 қыркүйекте «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өтті.
Іс-шара кезінде ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде қыдырып жүрген 23 жасөспірімді анықтады. Осыған байланысты 22 ата-анаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді. Ал, 1 ата-ананың жасөспірім баласы мұндай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде бірнеше рет қайталап жасағаны белгілі болды. Сол себептен, жасөспірімнің ата-анасына қатысты аталған кодекстің 442-бабы 3-бөлімімен (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) толтырылған әкімшілік хаттама сотқа жолданып отыр, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Сондай-ақ 4 ата-анаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттамалар сотқа жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы