Атырауда түнде көше кезген 35 жасөспірім анықталды
Атырауда түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 35 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерді учаскелік полиция бөліміне жеткізді. Қала аумағында «Жасөспірім» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталған. Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті бақылау әрі балалар арасында болатын ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара бір тәулік ішінде 35-ке жуық әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-анасыз жүруіне жол берген компьютерлік ойын клубы анықталды. Оған қатысты әкімшілік шара қолданды. Іс-шара жалғасуда, – деді Полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімі бастығының орынбасары Айбол Ідірісов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ливанда жарылыстан 9 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы