13 Мамыр 2024 2024, 22:45 Фото: скрин

Атырауда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Атырау облысы Алмалы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Алмалы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы ТЖД күштері Алмалы ауылынан 2 адамды эвакуациялап, малды қауіпсіз жерге көшірді, - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде осы елді мекенде 40 мыңнан астам қапшық төселіп, 8 км астам бөгет тұрғызылғаны мәлім болды.