Атырауда су тасқынына қарсы дайындық іс-шаралары басталды

ТЖМ баспасөз қызметі Атырау облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Атырау қаласында Алмалы, Еркінқали, Қайыршақты, Дамбы ауылдық округтерінде су тасқынына қарсы дайындық іс-шаралары басталды.

ЖАО күштері мен құралдары тұрақты дайындыққа келтірілді, инертті материалдар дайындалды. Су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық аясында Атырау қаласында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы