Атырауда су деңгейі көтеріліп келеді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 19 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша:
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың түсуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 560 см., су деңгейі +5 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 337 см.
Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 688 см., су деңгейі + 9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 371 см.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 399 см., тәулігіне + 3 см. деңгейге дейін көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 208 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
19 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3 / с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3 / с, - делінген хабарламада.