Атырауда шетел азаматы есірткімен ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Атырауда шетел азаматы есірткімен ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, республика көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2020” жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталған.

Бұл азаматтың уақытша тұратын мекенжайын тексеру кезінде есірткі заттары табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сараптама қортындысымен тәркіленген есірткі заттарының салмағы 400 грамм сора екені анықтады,-дейді департамент басшысы. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 3-бөлігі “Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіліп сотқа жолданған. Жақында сот шешімімен шетелдік азамат 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы