Атырауда шартты түрде босатылған азамат қайта қамауға алынды

Атырауда шартты түрде босатылған азамат қайта қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырауда 40 жастағы азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылыққа жол берген. Ол алкогольдік ішімдікке әуестеніп, тәртіпке қайшы әрекеттер жасағаны үшін қайта бақылауға алынды. 

№9 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары аталған азаматтың заң бұзушылықтарын анықтап, Атырау қаласының полиция басқармасы атынан сотқа шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс жолдады. 10 желтоқсан күні сот шешімімен азамат қайтадан түзеу мекемесіне қамалды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласының полиция басқармасы сотқа жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою туралы 6 ұсыныс жолдаған. Оның 5-еуі қанағаттандырылған. 

Тәртіп сақшылары сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы