Атырауда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдіктер жасалды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 9 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге өнім өндіріліп, 127 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазір аймақта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан асады екен.

Атырау облысы әкімдігі іскерлік ахуалды жақсарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдауда. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша 2020 жылдың 3 тоқсан жағдайына жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің үлесі 20,2% құрады. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы бюджеттен 2,2 млрд теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 453 кәсіпкердің жобасы қолдау тауып, 669 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, - дейді Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Құспан.

Облыста пандемияға қарамастан кәсіпкерліктің даму қарқыны жоғары екен. Басқарма мамандары аймақта кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдаулар, яғни субсидия, гранттар беру тоқтамаған.

Мемлекет тарапынан қаржылай және қаржылай емес қолдау бар. Қаржылай қолдау бойынша кәсіпкерлердің Несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 1,7 млрд теңге бөлініп, несие сомасы 26,4 млрд теңгені құрайтын 242 жоба қолдау тапты. 2,2 млрд теңгені құрайтын 185 кәсіпкердің жобасы 466,2 млн теңгеге кепілдендірілді. Қайтарымсыз гранттар беру бойынша 56,0 млн теңгеге 26 кәсіпкер қолдау алды. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 5,7 млрд теңге бөлінді, 206 жоба қаржыландырылып, 91 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 654 млн теңгеге 335 кәсіпкердің жобасы шағын несиелендірілді, 157 жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнес мектеп» жобасы аясында 536 адам оқытылды. Оның ішінде 85 адам оффлайн, 451 адам онлайн түрінде оқытылды. 60 қатысушының жобасы 313,6 млн теңге сомасында қаржыландырылды, - дейді Гүлзада Құспан.

Өткен жылы пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 32,9 млрд теңгені құрайтын несие берілген. Сондай-ақ 22 мыңнан астам салық төлеушіге 16,6 млрд теңге көлемінде жеңілдік жасалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы