Атырауда үш мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны паспортталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында 3141 нысан паспортталды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыс көлемінде жиырма үш мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген.  Оның ішінде бірінші топтағы – 1 895 адам, екінші топтағы  – 9 629 адам және үшінші топтағы мүгедектер – 8049 адамды құрады. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 3 688. 

Мұндағы үш санатқа, атап айтсақ,  есту және көру қабілеті төмен, арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін бірқатар нысандарға бейімдеу жұмыстары жүргізілген. 

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Альфия Төлегариева мәлімдеді.

Қазіргі уақытта  облыстағы әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың барлығы паспортталған. Оның ішінде 1389 обьектіге бейімдеу жұмыстары жүргізілді, - дейді ол.

Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері  мүмкіндігі шектеулі адамдар 1303 оңалту техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы