Атырауда «Сергек» арқылы 2 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйектен бері қалада «Сергек» камераларының көмегімен 2513 құқық бұзушылық тіркелген.

Құқық бұзушыларға 35 млн 983 мың теңге көлемінде айыппұл салынды десек, бүгінде оның 3 млн 533 мың теңгесі өндірілген.

Сергек» камералары облыс орталығындағы 153 желілік жол учаскесінде, 51 жол қиылысында орнатылды. Жалпы, 774 бейнебақылау камерасы бар. «Сергек» жүйесі бұрын орнатылған видеокамералармен біріктірілді. Бұл полицейлерге жолдың жүру бөлігін ғана емес, қалалық аулаларды, сондай-ақ, басқа да қоғамдық орындарды бақылауға мүмкіндік берді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Еске сала кетсек, автокөлік иелеріне айыппұл туралы хабарлама «Қазпошта» және SMS арқылы жіберіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы