Атырауда Сайлау дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырауда дүниеге келген нәрестеге Сайлау есімі берілді. Бұл туралы Прикаспийская коммуна хабарлады.
Біздің отбасымызда балаларға мағынасы бар есімдер беру әдетке айналған. Мысалы, біз үшінші қызымызға Құралай деп ат қойдық. ол көктемгі "құралай" кезінде дүниеге келген. Бұл екі-үш күн қатты жаңбыр жауып, жел соғатын кез. Бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға осы маңызды сәтпен байланыстырып есім қойғанда тіпті күмән болған жоқ, -деді жас ана Шынар Төлеушова.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауына сайлау күні 23 бала дүниеге келіп үлгерген. Оның бесеуі ұлы, жетеуі қыз. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен олардың сәбилерінің жағдайы жақсы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқаушылардың жұмысына кедергі келтірілуде
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы