Бүгiн 2026, 20:12
Фото: видеодан кадр
Атырауда сауда орталығында жасөспірім биіктіктен құлап кетті
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.
Атырауда Infinity сауда-ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктіктен құлап, соның салдарынан ғимараттың кіреберіс бөлігіндегі конструкция зақымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ ATYRAUOIL-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, құлау кезінде сауда орталығының кіреберіс тұсындағы төбенің бір бөлігі тесілген. Жасөспірімнің қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Болған жағдайдың түрлі нұсқалары қарастырылуда, оның ішінде қашуға әрекеттену немесе дау-дамай болуы мүмкін деген болжамдар бар. Алайда олардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ.