Атырауда сауатты пациенттер саны көбейеді
Атырау облысында сауатты пациент мектебі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында сауатты пациент мектебі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жобаның мақсаты - пациент пен дәрігер арасында медиациялық көпір салу. Жобаның міндеті - пациенттер мен дәрігерлердің олардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ жанжалды және дағдарыстық жағдайлардан қалай дұрыс шығу керектігі туралы коммуникация дағдыларын игеру.
Оқыту бағдарламасының шеңберінде мектепте дәрігердің пациенттермен өзара іс-қимылы, пациенттермен және дәрігерлермен жұмыс істеу психологиясы, пациенттердің шағымдарын талдау, аурулардың профилактикасы бағдарламасын әзірлеу, индикаторларды орындау бойынша аналитиканы қалай құру сияқты курстар оқытылады.
Қазір бұл жоба пилоттық режимде №4 Атырау қалалық емханасында және облыстық балалар ауруханасында өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта өңірдің барлық медициналық ұйымдарында ауқымды болады.