Атырауда «Saraishyq upgrade 2023» халықаралық жастар форумы өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Saraishyq upgrade 2023» халықаралық жастар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ vәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақсұңкар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан елдерінің және Ресей Федерациясының делегациялары қатысты..

Форумның мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасу, теориялық және практикалық дайындық, шабыттану және өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын құру.

Форумға 200-ге жуық қатысушылар креативті индустрия саласындағы «Кинематография», «Маркетинг», «ІТ», «Музыка» бағыттары бойынша Жандос Айбасов, Аблай Юсупов, Жандос Турсумбаев, Ерлан Есимсеитов, Ерболат Беделхан, Азат Абыкен, Айзатулла Хуссейн сынды спикерлер жастармен пікір-алмасу жүргізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы