Атырауда салынып жатқан бөгеттердің сапасын 20 мердігер мекеме бақылайды

Жағалауды нығайту жұмыстары аясында Атырау қаласында 222 шақырым бөгет салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабыне сілтеме жасап.

Жағалауды нығайту жұмыстары Жайық өзенінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жүргізілуде.

Өткен аптада 113,3 шақырымға бөгет салынды, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бөгеттердің топырағын тығыздау сапасын техникалық қадағалау мамандары мен жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының сарапшылары бақылайды. Олардың жалпы саны - 20 мердігер ұйым. Салынып жатқан бөгеттердің тығыздығы бөгет биіктігінің әрбір метрі арқылы арнайы құрылғымен тексеріледі. Техникалық қадағалау органдары тығыздықтың ең төменгі көрсеткіші 14 мегапаскаль болуы керек деп белгіледі. Қазіргі уақытта қала аумағындағы бөгеттердің тығыздығы - 17-20 мегапаскаль.

Бүгінгі таңда Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарына 1600 техника жұмылдырылды, түрлі мекемелердің 17000-нан астам қызметкері мен еріктілер 170 шақырымға бөгет салды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бірнеше аптадан бері жүргізіліп келеді. 7 сәуірден бастап өңірде ТЖ режимі жарияланды. Қазгидрометтің болжамы бойынша Атырауда мол су 20-25 сәуір аралығында болады деп күтілуде.

Су деңгейінің биіктігі 6 метрге жетуі мүмкін. Дәл қазір аймақ осыған дайындалуда.

Су тасқынына дайындық үшін ІІМ Ұлттық ұланы, Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды, басқа өңірлерден техника келіп, өңірдің ірі мұнай компанияларының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы