Атырауда салмағы 5,8 келі болатын алып сәби дүниеге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге жоспарлы түрде ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңірдегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Болашақ ана бастапқыда перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу барысында сәбидің болжамды салмағы шамамен 6,5 келі деп анықталған. Осыған байланысты дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.

Сәби – Атыраулық тұрғынның алтыншы перзенті. Ота сәтті өтті, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында, - деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы