Атырауда салмағы 1 келі болып туған бала мектепке барды

Атырауда салмағы 1 келі болып туған бала мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды BAQ.KZ AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Туған кезде салмағы 1 келі болған 6 жасар Мақсот мектепке барды. Баланың ата-анасы ұлының құрдастарымен бірге өсіп-жетілгеніне қуанышты.

Мақсот - екінші ұлымыз. Баламды алғаш рет көргенде қатты шошып, қорқып кеттім. Бүгінде сол кішкентай бала 6 жасқа толды. Салмағы қалыпқа келді, 26 келі. Қазір оның салмағы 1 келі болды деп айта алмайсың. Ұлым спортпен шұғылданады, футбол ойнағанды ұнатады. Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері мен Алла Тағалаға рахмет, - дейді баланың анасы Гүлзира

Мақсот Атыраудағы Ғ. Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің бірінші сыныбына барған.

Арманы - футболшы болу. Біз оның өз арманын жүзеге асырғанын, тек "бестікке" оқығанын тілейміз. Оның ақылды әрі табысты азамат болып өсетініне, еліміздің мақтанышына айналатынына сенеміз, - дейді Перинаталдық орталықтың баспасөз хатшысы Нұргүл Исмағұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: atpress.kz
Өзгелердің жаңалығы