Атырауда қуаты 144 мың тонна болатын қант зауыты салынады
"Голдбридж халықаралық компаниясы" ЖШС өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.
Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын.
Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды
Өзгелердің жаңалығы