Атырауда ҚХА медиация кабинетінің қоғамдық қабылдауы өтеді

ҚХА медиация кабинетінің «Ашық есік күні» республикалық апталық акциясы аясында қоғамдық қабылдау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияның мақсаты – отбасы, неке, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер, мүлік, жер және де басқа да мәселелер бойынша азаматтарға тегін кеңес беріп, көмектесу, медиация қызметінің тиімділігін көрсету.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, заңгерлер қатысады.

Азаматтарға қоғамдық қабылдауды Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Кеңес Қосыбаев, Атырау облысы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Алмаз Әбілдаев, заңгер медиатор  Болат Өтеғалиев, заңгер Ғалымжан Мугаепов, заңгер Жанар Өтегенова, медиатор, заңгер Күлману Нұржігітова және заңгер, медиатор Аслан Қуанышкереев өткізеді.

Қоғамдық қабылдау 4 тамызда «Байзар» сауда орталығында сағат 10:00 – 13:00 аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы