Атырауда Қайыршақты ауылындағы саяжай тұрғындары эвакуацияланады
Бастапқыда тұрғындар бұл хабарды фейк деп ойлаған, дегенмен әкімдік бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиевтің атынан әлеуметтік желілерде жолданған хабарлама тарады. Бұл шынында да «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілген. Аталған саяжайлар қорғаныш сызығынан тыс жерде, Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан және топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары. Жағаны қорғау шахталарының құрылысы мүмкін емес. Осыған байланысты аталған бау-бақша серіктестіктерінің иелеріне хабарлама жіберілді, - делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыспен қамту шараларына қанша адам қатысты
Өзгелердің жаңалығы