Атырауда қамыс өртімен күрес жалғасуда: 805 гектар аумақ жанып кетті
Атырау облысында 13 маусымнан бері қамыс өртімен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, жалпы аумағы 805 гектар болатын бірнеше өрт ошағы сөндірілді. Алайда, қазіргі таңда Атырау қаласынан 37 шақырым жерде шамамен 7 гектар аумақты қамтитын өрт ошағы әлі де жанып жатыр.
Өртті сөндіруді қиындататын негізгі факторлар – жер бедерінің қолжетімсіздігі, қамыстың тығыз өсуі мен желдің екпінді түрде соғуы.
Дегенмен, өртке қарсы шараларға Төтенше жағдайлар министрлігі мен табиғи резерват қызметінің барлық қажетті күштері мен техникасы жұмылдырылған.
Өрт басталғалы бері ТЖМ-нің авиациялық техникасы өрт ошақтарына 33 рет су төккен.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыстарды Атырау облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев тікелей басқарып отыр.
Қазіргі жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп Ираннан сөзсіз берілуді талап етті
Өзгелердің жаңалығы