Атырауда қамыс өртенді

Атырауды қою қара түтін басты. Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Теңіз жағасы батпақты болғаннан кейін техникалар жақындай алмайды. Әзірге оттың қанша аумақты шарпығаны белгісіз.

Өртке төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы мен 25 қызметкері жұмылдырылған. Олардың мәліметі бойынша елді мекендерге қауіп жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы