Атырауда полиция лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды
Атырауда полиция лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"102" операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда 226 алаяқтық фактісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы