Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап полицияға хабарласқан.

Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің иесін анықтап, оқиға орнына шақыртып пәтерге өтіп секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп атап өтті ведомстводан.

33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алған алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы