Атырауда ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлап қалды
9 мамырда Атыраудағы балалар ойын орталығының бірінде 2014 жылы туған қыз бала биіктікте ойнау кезінде, қауіпсіздік белдігі үзіліп жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Құлау салдарынан пациенттің сол жақ шынтақ буыны және оң жақ жамбасы көгерген. Амбулаториялық ем қабылдап, үйіне жіберілді, - деді облыстық балалар ауруханасынан.
Айта кетейік, azh.kz-тің жазуынша, дәл осы ойын орталығында балалардың биіктен құлауы осымен екінші жағдай болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс өзеніне су босату шаралары аяқталып қалды
Өзгелердің жаңалығы