Атырауда отбасылық-тұрмысқа қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жыл басынан бері отбасылық-тұрмысқа қатысты 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері атыраулық полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету» бойынша дағдарыс орталығына 18 ана мен олардың 30-дан астам балалары орналастырды.Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тек жәбірленушілердің құқықтарын ғана бұзып қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуына ер азаматтардың алкогольдік ішімдікке тәуелді болуы ең негізгі фактор болып, нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді.
2021 жылы Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметкерлерімен отбасы-тұрмыс саласында 800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа, мыңға жуық қорғау нұсқамасы беріліп, учаскелік полиция инспекторларының ұсыныстарының негізінде сот шешімімен 300-ге жуық тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ОАР-да мутациясы жоғары жаңа штамм анықталды
Өзгелердің жаңалығы