21 Қазан 2024 2024, 08:52 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Атырауда өрттен 45 адам эвакуацияланды

Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін таңертең Атырау қаласында болған.

9 қабатты тұрғын үйдің шатырында автокөлік шинасы жанды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей жедел түрде сөндірілді. Құтқарушылар 1942 жылы туған әжені таза ауаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

Белгілі болғандай, үйдің 45 тұрғыны, оның ішінде 12 бала алдын ала эвакуацияланды.