Атырауда өртенген қамысты сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда

Атырау облысында 3 күн бойы жалынмен күрес жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

80-нен астам гектар өрт сөндірілді (өрттің жалпы ауданы 89,5 га құрайды). 

Жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда, - делінген ведомсто хабарламасында.

4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, әуеден 14 рет су төгілді. 

Барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық бірлік әртүрлі техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы