Атырауда өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген барлау жұмыстары барысында 7 жану ошағы табылды. Қабылданған шаралардың арқасында алдын ала 1 гектар алаңда үш ошақ сөндірілді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, іс-қимылдарды үйлестіру үшін ТЖД-да жедел штаб құрылды.
Түтінге қарамастан елді мекендерге қауіп жоқ. Батпақты жерлер мен оңтүстік-шығыстан секундына 21 метр жылдамдықпен соққан жел өртті сөндіруді қиындатты. Сонымен қатар арнайы техниканың баруы қиынға соқты, өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылады - делінген хабарламада.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамысты сөндіруге жеке құрамнан 33 адам, 9 бірлік техника бар облыстық ТЖД, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 25 қызметкер және 6 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.