20 Қараша 2026, 10:50
Фото: видеодан алынған кадр
Атырауда оқушылар 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алып, полицияға тапсырды
Атырауда бір топ оқушы көшеден қомақты ақша тауып алды. Балалардың адал әрекеті жоғалған қаражаттың иесін табуға көмектесті.
Атырауда 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиянды тауып алған оқушылар оны полицияға тапсырды.
Адалдық – бала бойына сіңген тәрбиенің ең көркем көрінісі. Мұны Атырау облысы Нұрсая ықшам ауданындағы бір топ оқушы ісімен дәлелдеді.
Нұрсая ықшам ауданында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алғанын айтқан. Балалар табылған қаражатты заңды иесіне қайтару мақсатында полицияға жүгінген.
Полицейлер жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны иесіне табыстады.