Бүгiн 2026, 09:52 Фото: ©BAQ.KZ

Атырауда оқушы қызды жарақаттаған күдікті жасөспірім ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауруханада жатыр.

Атыраудағы мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 наурыз күні болған. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем қызметкерлері мен полиция келді. Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақатты өткір затпен тоғызыншы сынып оқушысы салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.