Атырауда қоғамдық орындарда сақтық шаралары жүріп жатыр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда коронавирустан сақтану мақсатында тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктерге дезинфекция жұмыстарын жасап бастады.

Олар арнайы антисептикалық сұйықтықты пайдалана отырып, әр рейс сайын көлік ішін зарарсыздандырып отырады. Аталған тазалық
жұмыстарына әр көліктің жолсерігі жауапты екен. Олардың қолына арнайы ыдыс, қолғап және хлор ерітіндісі берілген.

Таңғы алтыда жұмыс бастамас бұрын дезинфекция жасап шықтым. Автобусты толықтай залалсыздандырдық. Әр айналым сайын жасап отырамын, - дейді жолсерік Айгүл Жанғалиева.
Қалада санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар тек автобустарда ғана емес, сонымен қатар базар, сауда орындары секілді адам көп жиналатын жерлерде де күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.
Жекелеген кәсіпорындар мен шетелдік компанияларда да тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Компаниядардың кешенді жоспарлары да бар. Соған байланысты жұмыстар ұйымдастырылады. Олар күдікті жағдай анықталса, онда оқшаулайтын арнайы орындар дайындап жатыр. Бірақ күдікті немесе ауру адам ғана инфекциялық ауруханада емделетін болады. Қазір облыста жағдай бірқалыпты және үнемі бақылауда, - дейді Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы