Атырауда нан бағасы неге өсті? Досмұхамбетов түсіндіріп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Облыс әкімі атап өткендей, «Дәулет-нан» ең ірі наубайханасымен келісім жүргізіліп нан бағасы төмендегенін айтты.Атырауға шетел мен басқа өңірлерден ұн жеткізіледі. Ұн бағасының артуына байланысты наубайханашылар 1 қарашадан бастап 5 теңгеге, яғни, 90 теңгеден 95 теңгеге нанның бағасын өсірді. Біз Азық-түлік корпорациясы арқылы бидайды арзандатылған бағамен алып, наубайханашыларға ұнға айналдырып бердік. Сол келісім бойынша қарашаның 10-ынан бастап нан бағасын қайтадан 5 теңгеге төмендетті. Қазір нан 90 теңге, - деді ол.
Азық-түлік бағасын төмендету бойынша шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Тұрақтандыру қорына 1,3 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның нәтижесінде қоймаларға 2 мың тоннаға жуық көкөніс қойылды. Былтыр 600 тонна көкөніс қоймада тұрған, - деді Атырау облысының әкімі.